Катар Газа секторына 116 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Катар Сыртқы істер министрлігі мәселеге байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

2075143
Катар Газа секторына 116 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Катар Израиль басқыншылығы мен үздіксіз шабуылдары жалғасқан Газа секторына жеткізу мақсатымен 116 тонна гуманитарлық көмек тиеген 3 әскери ұшақты Мысырға жіберді.

Катар Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Газа секторындағы Палестина халқына гуманитарлық көмек тасымалдаған Катар Қарулы күштеріне тиесілі 3 әскери ұшақтың Мысырдың Әл-Ариш қаласына жіберілгені атап өтілді.

Жалпы салмағы 116 тонналық ұшақтарда азық-түлік, дәрі-дәрмек және баспана материалдары бар екені білдірілді.

Катар 9 қараша күні де Газа секторына 180 тонналық гуманитарлық көмек тиеген 4 әскери ұшағын жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар