Ресейде президенттік сайлау болады

Федерация кеңесі президенттік  сайлауды 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы шешім қабылдады.

2073777
Ресейде президенттік сайлау болады

Ресей парламентінің жоғарғы палатасы Федерация кеңесі президенттік  сайлауды 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы шешім қабылдады.

Федерация Кеңесі президент сайлауының күнін анықтау үшін жиналды. Отырыс нәтижесінде кеңес мүшесі сенаторлар сайлауды 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Ресей Федерациясының Конституциясына сәйкес, президенттік сайлау күнін анықтау Парламенттің жоғарғы палатасы Федерация Кеңесінің қолында.

Елде бұдан бұрынғы президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызында өтіп, Владимир Путин 76,69 пайыз дауыс жинап, қайта сайланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар