«Spotify» қызметкерлерін жұмыстан шығарады

Қызметкерлердің 17 пайызы қысқарады.

2072845
«Spotify» қызметкерлерін жұмыстан шығарады

Орталығы Швецияда орналасқан «Spotify» музыкалық стриминг платформасы бір жылда үшінші рет қызметкерлерін жұмыстан шығаратынын білдірді.

Компанияның құрылтайшы-ортағы және басшысы Даниэль Эк бұл туралы мәлімдемесін компанияның интернет парақшасында жариялады. Мәлімдемеде экономикалық өсімнің баяулағанын және артып отырған пайыз көрсеткіштерінің қаржыға қолжетімділікті арттырғанын білдірген Эк «Spotify» компаниясының осы шындықтардан қаша алмайтынын атап көрсетті.  «Көптеген анализге қарағанда өндіріс жақсы,  бірақ тиімділік аз. Біз екеуін бірге алып жүруіміз» керек деді ол. Ол қызметкерлердің 17 пайызының қысқаратынын білдірді.

Өткен жылдың аяғында компанияның шамамен 8400 қызметкері бар еді.  Компания биыл екі сатыда 800 қызметкерін жұмыстан шығарған болатын.

Соңғы шешім тағы 1500 кісінің жұмыстан шығарылатынын білдіреді.

 



Ұқсас жаңалықтар