"Гуманитарлық үзіліс" бір күнге созылды

Екі жақ арасында бітімгерлік атқарған Катар да «гуманитарлық үзілістің» созылғанын растады.

2070746
"Гуманитарлық үзіліс" бір күнге созылды

Израиль армиясы Газа секторындағы «гуманитарлық үзілістің» бітуіне минуттар қалғанда мәлімдеме жасап,  үзілістің созылғанын хабарлады.

Израиль армиясы бірақ үзілістің қанша күнге созылғаны туралы мәлімет бермеді. Мәлімдемеде «Бітімгерлердің ынталары нәтижесінде тұтқындардың босатылуының жалғастырылуы және келісім шарттарына сай операцияларды уақытша тоқтату процесі жалғасады» деп айтылды.

Хамас болса үзілістің бір күнге созылғанын хабарлады.

Екі жақ арасында бітімгерлік атқарған Катар да «гуманитарлық үзілістің» созылғанын растады.

Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстар үзілісінің алтыншы күнінде палестиналық 30 әйел мен бала тұтқын Израиль түрмелерінен шықты.  Газа секторында болса израильдік 10 тұтқын мен 4 Тайланд азаматы Халықаралық Қызыл крест комитетіне тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар