Блинкен тағы Израильге барды

Ол ХАМАС қолындағы тұтқындарды босату және Газаға көмек көрсету мәселелерін талқылады.

2070799
Блинкен тағы Израильге барды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Газа секторындағы қақтығыстарды тоқтату үшін Израиль мен Хамас арасында қол жеткізілген «гуманитарлық үзілістің» созылуы мен Газаға гуманитарлық көмек көрсетуді талқылау үшін Тель-Авивке барды.

Блинкеннің 7 қазаннан бергі үшінші Таяу Шығыс сапарының алғашқы аялдамасы Израиль болды.

Блинкен сапар аясында Израиль ресмилерімен Газада қол жеткізілген «гуманитарлық үзіліс», ХАМАС қолындағы тұтқындарды босату және Газаға көмек көрсету мәселелерін талқылады.

Блинкен Израильдегі байланыстарынан кейін Таяу Шығыстағы сапарын жалғастырады деп жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар