Путин Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне орай мәлімдеме жасады

Мәскеудегі Палестина елшілігінде 29 қараша Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне орай шара өтті.

2070274
Путин Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне орай мәлімдеме жасады
moskova filistin halkiyla dayanisma gunu.jpg

Ресей Президенті Владимир Путин Газа секторындағы қақтығыстың  Палестинаның бейбіт тұрғындарына зардап шектіргенін білдірді.

Мәскеудегі Палестина елшілігінде 29 қараша Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне орай шара өтті.

Шараға Ресей Президенті Путиннің Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша арнайы өкілі Михаил Богданов, Палестинаның Ресейдегі елшісі Абдель Хафиз Нофал, Түркияның Ресейдегі елшісі Танжу Билгич және дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

Палестина азаматтары шараға Палестина туларымен қатысты. Олар Газа секторында Израиль армиясының шабуылдарында қаза тапқандарды еске алып, елшілік ғимаратына гүл шоқтарын қалдырып дұға оқыды және Израильге қарсы ұран салды.

Палестинаның Ресейдегі елшісі Нофал осында сөйлеген сөзінде шараға қатысушыларға көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтып, Палестина Президенті Махмуд Аббастың арнайы жолдауын оқыды.

Путиннің Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша арнайы өкілі Богданов та Путиннің Аббасқа жіберген хатын оқыды.



Ұқсас жаңалықтар