G7 елдері Сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдемесін жариялады

Мәлімдемеде Израиль-Хамас қақтығысындағы барлық тұтқындарды босату және барлық шетелдік азаматтарды аймақтан эвакуациялау талап етілді.

2070410
G7 елдері Сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдемесін жариялады

Әлемдегі ең ірі 7 экономиканы құрайтын «G7» елдерінің (Германия, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Ұлыбритания, Италия, Франция, Жапония және Канада) Сыртқы істер министрлері Израиль-Хамас қақтығысындағы барлық тұтқандырдың босатылуы және шетел азаматтардың эвакуациялануы жайлы үндеу тастады.

G7 елдері Сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдемесін жариялады.

Мәлімдемеде Израиль-Хамас қақтығысындағы барлық тұтқындарды босату және барлық шетелдік азаматтарды аймақтан эвакуациялау талап етілді.

Мәлімдемеде гуманитарлық үзілістің барлық тұтқындардың босатылуы үшін маңызды қадам болғаны түсіндіріліп, Катар мен Мысырға гуманитарлық үзіліс жасау жолындағы талпыныстары үшін алғыс айтылды.

Мәлімдемеде аймаққа жіберілген көмекті арттыру мақсатында гуманитарлық үзілістің ұзартылуына қолдау білдіріліп, азық-түлік, су, жанармай сияқты гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті күш-жігердің жұмсалуы керектігі баса айтылды.

Израильде 7 қазан күні болған шабуылдарда 1200 израильдіктің қаза тапқаны және 5132 адамның жараланғаны жарияланды. Израиль армиясының мәліметінше, 7 қазаннан бері Газада 70, Ливан шекарасында 6 Израиль әскері қаза тапты.

Газа үкіметінің мәліметінше, 7 қазаннан бері Израильдің Газа секторындағы шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 15 мыңнан асты, оның 6 мың 150-ден астамы бала және 4 мыңнан астамы әйел.



Ұқсас жаңалықтар