Бесінші рет тұтқындар алмастырылды

Израиль түрмелеріндегі 180 палестиналық әйел мен бала еркін жіберілді.

2070170
Бесінші рет тұтқындар алмастырылды

Израиль мен Хамас арасында 4 күнге берілген және 2 күнге ұзартылған қақтығыстағы «гуманитарлық үзіліс» бесінші күнінен асты.

Кеше кешке блокададағы Газа секторындағы 10 израильдік тұтқын Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдеріне тапсырылды. Өз кезегінде Израиль түрмелеріндегі 30 палестиналық әйел мен бала босатылды.

Жұма күні сағат 07.00-де күшіне енген «гуманитарлық үзіліс» келісімі аясында тұтқындарды алмасу бойынша 61 израильдік тұтқын  (олардың бірі ер адам, қалғандары әйелдер мен балалар) Газа секторынан босатылды және Израиль түрмелеріндегі 180 палестиналық әйел мен бала еркін жіберілді.

Сонымен қатар Газа үкіметінің мәліметінше, Израильдің Газа секторындағы шабуылдарында 7 қазаннан бері 6 мың 150-ден астамы бала және 4 мыңнан астамы әйел, барлығы 15 мыңнан астам адам қаза тапты.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлаған еді. Бұған жауап ретінде Израиль армиясы соғыс ұшақтарымен Газа секторын бомбалай бастады.



Ұқсас жаңалықтар