Израиль күштері 14 жастағы бір баланы атып өлтірді

Вахданның өзі жеткізілген ауруханада қайтыс болғанын білдірді.

2069981
Израиль күштері 14 жастағы бір баланы атып өлтірді

Израиль күштері Батыс Шерияда 14 жастағы Амр Ахмед Жамил Вахданды атып өлтірді.

Куәгерлердің айтуынша, Израиль күштері Батыс Шерияның солтүстігіндегі Тубас қаласына жақын орналасқан Таясир ауылында арасында Вахдан да бар кейбір палестиналықтарды жаралаған.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израиль күштерінің шын оғымен кеуде тұсынан жарақат алған Вахданның өзі жеткізілген ауруханада қайтыс болғанын білдірді.

Израиль күштері бүгін таңертең Рамалла маңында 2 палестиналықты өлтірді. Палестина билігінің мәлімдемелеріне қарағанда 7 қазаннан бері Израиль күштері мен еврей қоныстанушыларының басып алған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі шабуылдарында 242 палестиналық қаза тауып, 3 мыңнан астам адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар