Террорлық ұйым тағы бір баланы алып қашты

Террорлық ұйым 13 жасар баланы алып қашырып, қарулы жаттығу үшін оқу-жаттығу лагеріне алып кетті.

2069232
Террорлық ұйым тағы бір баланы алып қашты

АҚШ қолдау беріп отырған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG Сирияның Алеппо уәлаятында Шейх Мақсұт ауданында 13 жастағы баланы алып қашты.

PKK/YPG террорлық ұйымы Сирияда өзі басып алған аймақтарда балаларды өз қатарында соғысуға мәжбүрлеу үшін отбасыларынан тартып алуда.

Террорлық ұйым Алеппо уәлаятының Шейх Мақсұт ауданында 13 жасар баланы алып қашырып, қарулы жаттығу үшін оқу-жаттығу лагеріне алып кетті.

Террористік ұйым ұсталған балалардың отбасымен сөйлесуіне рұқсат бермейді. Халықаралық ұйымдар да PKK/YPG-нің балаларды күшпен қатарға алғанын растайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айына арналған «Қарулы қақтығыстардағы балалар» жылдық есебінде террор ұйымы PKK және оның Сириядағы жалғасы YPG-нің 2022 жылы 1200-ден астам баланы «әскер» ретінде қолданғанын жариялады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы тақырыпта «PKK/YPG-нің балаларды сарбаз ретінде пайдалануына қатты алаңдаймын. Оларды қарулы сарбаз ретінде және басқа да мақсаттарда қолдануды тоқтатуға және өз қатарларындағы барлық баланы босатуға шақырамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар