Израиль Ливияның солтүстігіне шабуыл жасады

Израиь армиясының Ливанның оңтүстігіндегі шекаралық аймаққа ақ фосфор бомбасымен шабуыл жасағаны хабарланды.

2068498
Израиль Ливияның солтүстігіне шабуыл жасады

Ливанның «NNA» ресми агенттігінің  хабарына қарағанда Израиль күштері Ливанның Мейс әл-Жабель қаласын ақ фосфор бомбасымен нысанаға алды.

Израиль әскері де шекаралық аймақта орналасқан Решафи қаласы, Алма аш-Шааб, Междел және Тейр Харфа қалашығы төңірегіндегі аудандарға артиллериялық оқ жаудырды.

Хизбулла да соңғы 24 сағатта Израильдің 18 әскери пунктіне шабуыл жасады.

Хизбулла жасаған соңғы мәлімдемеде Израильдің Йифтах, әл-Маликийе, Биркет Рише, Зирят, Эр-Рахиб, Бустан, Джал әл-Алем және Рамиядағы әскери түйіндеріне толық дәлдікпен басқарылатын зымырандармен соққы берілгені атап өтілді.

8 қазаннан бері Израиль армиясы мен Хизбулла арасындағы қақтығыстарда 85 Хизбулла мүшесі мен 6 израильдік әскери қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар