Үндістандағы қақтығыста 4 үнді сарбазы қаза тапты

Үндістанның Джамму және Кашмир аймағындағы қақтығыста 4 үндістандық сарбаздың қаза тапқаны жазылған.

2067921
Үндістандағы қақтығыста 4 үнді сарбазы қаза тапты

Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында көтерілісшілер мен сарбаздар арасында болған қақтығыста 4 үнді сарбазы қаза тапты.

«Associated Press» агенттігінің үнділік әскери ақпарат көздеріне сүйеніп берген хабарында кеше таңертең Ражури ауданының оңтүстігіндегі орман аймағында қарсыласушылар мен әскерлер арасында қақтығыс шыққаны білдірілді.

Хабарда қақтығыс кезінде 4 үндістандық сарбаздың қаза тапқаны жазылған.

«Indian Express» газетінде жарияланған хабарда қақтығыс кезінде бір қарсыласының да қаза тапқаны айтылған.

Үнді баспасөзіндегі хабарларда да аймаққа қосымша күш жіберілгені және көтерілісшілерге қарсы операцияның жалғасқаны хабарланды.

17 қараша күні Джамму мен Кашмирдің Кулгам аймағында көтерілісшілерге қарсы басталған операцияда 5 көтерілісшінің қаза тапқаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар