Ресей келісімнің орындалатынына үміттенетінін білдірді

Мария Захарова Израиль мен Хамас арасында қақтығыстарға үзіліс беру үшін жасалған келісімге тоқталды.

2068002
Ресей  келісімнің орындалатынына үміттенетінін білдірді

Ресей Израиль мен Хамас арасында қақтығыстарға үзіліс беретін келісімнің орындалатынына үміттенетінін білдірді.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Мәскеуде өткізген баспасөз мәслихатында Израиль мен Хамас арасында қақтығыстарға үзіліс беру үшін жасалған келісімге тоқталды. «Келісімге жылы қараймыз.  Бұл Газада өмір сүретіндердің мұқтаждықтарына қарай азық-түлік,  жағармай және дәрі жеткізуді арттырады» деді ол.

Захарова «Осы келісімді барлық тарап орындайды, гуманитарлық мәселелер шешімін табады және келіспеушілік азаяды деп сенеміз» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар