Тұтқын алмасу және атысты тоқтату үшін келісім жасалды

Мәлімдемеде «әрбір 10 тұтқынның босатылуы қақтығысты қосымша бір күнге тоқтатуға мүмкіндік береді» деп айтылған.

2067235
Тұтқын алмасу және атысты тоқтату үшін келісім жасалды

Израиль үкіметі Газа секторындағы Хамас қозғалысымен тұтқын алмасу және 4 күндік уақытша атысты тоқтату келісімін қабылдағанын жариялады.

Израиль премьер-министрлігінің баспасөз офисі жасаған жазбаша мәлімдемеде тұтқын алмасу келісімін талқылау үшін премьер-министр Биньямин Нетаньяху басшылығында жиналған үкімет кабинетінің мақұлдаған шешімі жарияланды. Мәлімдемеде «Соған сәйкес әйелдер мен балалар да бар кемінде 50 кепілге алынған адамның 4 күн ішінде босатылуы және осы аралықта соғыс қимылдарының тоқтатылуы көзделіп отыр» делінді.

Мәлімдемеде «әрбір 10 тұтқынның босатылуы қақтығысты қосымша бір күнге тоқтатуға мүмкіндік береді» деп айтылған.  Израильдің мәліметінше, Газа секторында Хамастың қарулы қанаты Кассам бригадаларының қолында 239 израильдік тұтқын бар.

Палестинаның Хамас ұйымының жазбаша мәлімдемесінде Катар мен Мысырдың арағайындығы нәтижесінде Израильмен уақытша атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілгені атап өтілді. Келісімге сәйкес «Израиль түрмелеріндегі 150 палестиналық 50 израильдік тұтқынның орнына босатылады».

Келісімге сәйкес, атысты тоқтату режимі 4 күнге созылады және гуманитарлық көмек материалдары мен жанар-жағармай тиеген жүздеген жүк көлігі Газа секторына кіреді.



Ұқсас жаңалықтар