Шабуылда 11 мың 500 палестиналық қаза тапты

Израильдің жаулау астандағы  Газа секторына шабуылдары жалғасуда.

2065364
Шабуылда 11 мың 500 палестиналық қаза тапты

Израиль күштерінің шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 11 мың 500-ге жетті.

Ауруханалар мен азаматтық аймақтарға шабуылдар көбейгенімен, Хамас пен Израиль күштері арасында қызу қақтығыстар да болып жатыр.

Израиль армиясының жаулау астындағы Газа секторының түрлі түйіндеріне түні бойы жасаған шабуылында қаза тапқандар мен жараланғандар болды.

Палестина «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Газа секторының солтүстігіндегі Жибалие босқындар лагерінде Израиль басқыншы күштері жасаған қырғында кемінде 11 палестиналық қаза тауып, кейбірі жараланды.

Израиль соғыс ұшақтары мен артиллерия бөлімшелері Газадағы Шейх Ридав, Туффах және Шухаййе аудандары, Джаффа көшесі, Газа қаласы мен Неззале аймағына оқ жаудырды.

Израильдің Дейр әл-Балахтағы Бурайж босқындар лагерін және Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында бір топ босқындарды нысанаға алуы кесірінен  қаза тапқандар мен жараланғандар болды.

Палестина «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, басқыншы күштердің Дженин лагерінде қарулы ұшқышсыз әуе көлігімен  жасаған шабуылында 3 палестиналық қаза тапты, 2-і ауыр 9 адам жарақат алды.

Израиль әскері қалаға көптеген шабуыл жасап, Дженин босқындар лагерін қоршады.

Израиль әскерлері ондаған әскери көлікпен түрлі түйіннен Дженин қаласына кіріп, Ибн Сина ауруханасын қоршауға алды.

Палестина телекоммуникация компаниясы Газа секторында энергия ресурстарының таусылуына байланысты стационарлық, ұялы телефондар мен интернет байланыс қызметтерінің толығымен тоқтатылғанын хабарлады.

Палестина Қызыл жарты ай ұйымы Израиль танктерінің жаулау астандағы Газа секторының солтүстігінде орналасқан Әл-Эхли баптистер ауруханасын қоршап алғанын және олардың топтарының қозғала алмағандықтан аймақтағы жаралыларға жете алмағанын хабарлады.

Газа секторындағы үкімет Израиль қоршауындағы Шифа ауруханасындағы 7 мыңнан астам қоныс аударған адамның, емделуші мен медициналық қызметкердің су мен азық-түлік тапшылығынан өліммен бетпе-бет келгенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар