Израиль Хамастың ұсынысын қабылдамады

Хамас Газадағы шайқаста 3 күндік үзіліс берілуін және Израиль түрмелеріндегі балалар мен палестиналық әйелдердің босатылуын талап етті.

2065116
Израиль Хамастың  ұсынысын қабылдамады

Израиль Хамастың тұтқындармен алмасу туралы ұсынысын қабылдамады.

Израиль мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Хамас кепілге алынған 50 израильдіктің босатылуы үшін Газадағы шайқаста 3 күндік үзіліс берілуін және Израиль түрмелеріндегі балалар мен палестиналық әйелдердің босатылуын талап етті.

Израильдің «12-арна» телеарнасының жаңалықтарында аты-жөнін атамаған израильдік шенеунік ХАМАС-пен келіссөздердегі делдалдардың «Израильдің кең ауқымды тұтқын алмасуды қалайтынын білгенін» айтты.

Хамастың әскери қанаты Изз ад-Дин әл-Кассам бригадасының баспасөз хатшысы Әбу Убейде Хамастың «Telegram» арнасында жарияланған аудиожазбада Израиль тұтқындарына айырбас ретінде 200 палестиналық бала мен 25 әйелді босату үшін өткен апта катарлық делдардардың жұмыс істегенін атап өткен

Израильдің Газадағы 100 әйел мен баланың босатылуын қалағанын білдірген Әбу Убейде Кассам ретінде 5 күндік атысты тоқтату келісімі мен 50 әйел және баланы босата алатындарын және бұл санның 70-ке жетуі мүмкін екенін арашашыларға жеткізгендерін айтты.

Тұтқын алмасу келісімінде атысты тоқтату және гуманитарлық көмектің кіруін талап еткендерін айтқан Әбу Убейде Израильдің бұл мәселені «кейінге қалдырып, жалтарғанын» білдірді.



Ұқсас жаңалықтар