Израиль армиясының Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Израиль армиясының жаулау астындағы  Газа секторына шабуылдары жалғасуда.

2064958
Израиль армиясының Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Газа секторының орталық және солтүстігіндегі кейбір аудандар Израиль әскери ұшақтары мен артиллериясының  бомбалауына ұшырады.

Палестиналық «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа секторының орталық бөлігіндегі Нусайрат босқындар лагеріндегі бір үйге жасалған әуе шабуылы салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Индонезия ауруханасы аймағы мен қаланың солтүстігіндегі Бейт Лахие аймағы соғыс ұшақтарының нысанасына алынды.

Газаның кейбір басқа бөліктерінде, әсіресе Рималь ауданында жойқын артиллериялық атыс жасалды.

Шабуылдар салдарынан жолдардағы көліктердің қозғалысы бөгелді. Зардап шеккендерді құтқару үшін жедел жәрдемнің аймақтарға жетуі мүмкін болмады.

Сонымен қатар, Израиль әскери ұшақтары газалықтар тұратын Орта жанармай бекеті деп аталатын аймаққа шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар болғаны айтылады.

Газа үкіметі 7 қазаннан бері Израильдің шабуылдарынан 11 мың 500 палестиналық қаза тапқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар