Антониу Гутерреш Мьянмадағы қақтағыстардан алаңдауда

Антониу Гутеррештің Мьянмадағы қақтығыстың таралуына қатты алаңдаушылық білдіргені хабарланды.

2065113
Антониу Гутерреш Мьянмадағы қақтағыстардан алаңдауда

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутеррештің Мьянмадағы қақтығыстың таралуына қатты алаңдаушылық білдіргені хабарланды.

БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик тақырыпқа байланысты жазбаша мәлімдемесінде: «Гутерреш барлық тараптарды халықаралық құқықты сақтауға және бейбіт тұрғындарды қорғау үшін бар күш-жігерін салуға шақырады» деді.

Дюжаррик Гутеррештің Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы, аймақтық және халықаралық серіктестермен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Мьянмада қазірдің өзінде 2 миллионнан астам адамның босқынға айналғанына назар аударған Дужаррик зорлық-зомбылық жасағандардың жауапқа тартылуы керектігін айтты.

Дюжаррик аймақтағы гуманитарлық көмекке қол жеткізудің алдын жолын таспау алмау керектігін білдіріп, Гутеррештің қақтығыстарға қатты алаңдағанын және Мьянма халқымен ынтымақта екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар