Газадағы Шифа ауруханасында соңғы жағдай

Израиль әскерлері «сенімді» деп аталған дәлізден шыққандарға оқ атып жатыр.

2064614
Газадағы Шифа ауруханасында соңғы жағдай

Газа ауруханалар бас директоры Мұхаммед Заккут «Әл Жазира» телеарнасына жасаған мәлімдемесінде Израиль армиясының Шифа ауруханасына жүргізілген операциясында аурухана ішінен бір оқ та атылмағанын білдірді. Израиль әскерлері «сенімді» деп аталған дәлізден шыққандарға оқ атқанын хабарлады.

Заккут «Израиль армиясы әскерлері Шифа ауруханасына кіргенде өздері үшін «жеңіс» болады деп ойлап еді,  бірақ тойтарыс болғанына байланысты ешбір айғақ табылмады» деді.

Ол Израиль әскерлерінің Шифа ауруханасындағы хирургия және алғашқы көмек ғимараттарына операция жүргізгенін,  айырықша жедел жәрдем қызметіне кіргенін, қазір аурухананың төменгі қабатында тінту жүргізіп жатқанын білдірді.

Бұл туралы Халықаралық Қызыл крест қоғамына білдіргендерін айтқан Заккут өздеріне жауап берілмегенін атап көрсетті.

Палестина Қызыл жарты ай қоғамы Газа секторында өздеріне қарасты Иерусалим ауруханасынан науқас пен қызметкерлердің шығарылғанын хабарлады. Осы аурухана 10 күннен бері Израиль армиясының қоршауында болатын. Израиль әскерлері ауруханаға материал және гуманитарлық көмек жеткізілуіне кедергі жасап тұрған еді.



Ұқсас жаңалықтар