Израильдің Газа секторы шабуылдарына наразылықтар жалғасуда

Израиль армиясы Газа секторына шабуылдарын, АҚШ болса Израильге қолдауын жалғастыруда.

2064064
Израильдің Газа секторы шабуылдарына наразылықтар жалғасуда

Израиль Газа секторындағы адами және моральдық құндылықтардың барлығын бұзуды, АҚШ болса Израильге қолдау көрсетуді жалғастыруда.

АҚШ президенті Джо Байден Израиль күштерінің ауруханаларға жасаған шабуылдарын баспасөзге бағалады.

Израильдің Газа секторындағы ауруханаларды нысанаға алуымен байланысты Байден «Менің тілегім және үмітім, ауруханаларға қарсы шабуылдардың аз болуы» деді.

Ақ Үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан да ауруханалардағы атыстарды көргісі келмегенін атап көрсетті.

Салливан сонымен қатар тұтқындарды құтқару аясында қақтығыстарға одан көбірек үзілістерді көргісі келетінін мәлімдеді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мэттью Миллер де палестиналықтардың Газа секторында зардап шеккен аймақтардан эвакуациялауды қолдағандарын, бірақ олардың Газадан күштеп шығарылуын қаламағандарын айтты.

Израильдің ауруханаларға жасаған шабуылдары Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунактың да күн тәртібінде болды.

Сунак Израильдің жазықсыз бейбіт тұрғындарды қорғау үшін барлық шараны қабылдауы және халықаралық құқыққа бағыну керектігін мәлімдеді.

Ұлыбританиядағы Англикан шіркеуі де Сунаққа қарағанда қатаң бір мәлімдеме жасады.

Англикан шіркеуінің басшысы Джастин Уэлби Израильдің бейбіт тұрғындарды өлтіруін моральдық тұрғыдан ақтауға болмайтынын атап көрсетті. Атысты тоқтату шақыруын «моральдық бір айқай» деп атаған Уэлби «Енді жетеді, өлтіруді тоқтату керек» деді.

Израильге ең қатал наразылықтардың бірі де Иорданиядан келді.

Иордания Сыртқы істер министрі Айман әл-Сафеди «Барлық қызыл сызықтарды кесіп өткен Израиль үкіметімен бетпе-бетпіз» деді. Сафади Израиль үкіметінің халықаралық құқықтың барлық ережелерін бұзғанына назар аударды.

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис де Еуроодақ пен Түркияның Газадағы қақтығыстардың артпауы тұрғысынан мүдделі екенін айтты.

Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильдің «Палестиналықтар мен Әл-Ақса мешітінен бастап барлық қасиетті құндылықтарын, үздіксіз бұзуына жауап беру» мақсатымен ауқымды шабуылдар жасады.

Израиль армиясы болса, Газа секторын әуеден қарқынды түрде бомбалаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар