Ұлыбритания Ішкі істер министрі міндетінен босатылды
Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Ішкі істер министрі Браверманды міндетінен алды.
Ұлыбританияда Палестинаға қолдау шерулеріне қарсы ұстанымымен таластарға себеп болған Ішкі істер министрі Суэлла Браверман міндетінен босатылды.
Ағылшын баспасөзінде жарияланған хабарларға қарағанда, Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Ішкі істер министрі Браверманды міндетінен алды. Сунактың бүгін кабинетті өзгертуі көзделіп отыр.
Суэлла Браверман Израильдің Палестинаға шабуылдарының артынан басталған Палестинаға қолдау шерулеріне рұқсат берген Лондон полициясын айыптаған еді. Осыдан кейін елде келіспеушілік басталды.
Браверман Лондонда 14 қазан күнінен бері ұйымдастырылып келе жатқан «Палестинамен ұйымшылдық шерулерін» «жек көрушілік шеруі» деп атап, полицияны да «қос стандарт» жасады деп айыптаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.