Газа секторына байланыс желілері үзілді

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейеcус мәлімдеме жасады.

2060824
Газа секторына байланыс желілері үзілді

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас хатшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторындағы байланыс желілеріндегі үзілістер мен ауыр бомбалау туралы жаңалықтарға қатты алаңдағандарын мәлімдеді.

Гебрейесус «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған хабарламасында Израильдің Газаға жасаған шабуылдары және Газа секторындағы байланыс желілерін үзгені туралы бөлісті.

«Газадағы байланыс желілерінің қайта үзілуі және ауыр бомбалау туралы хабар бізді қатты алаңдатады. Байланыс болмаған кезде шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдар ауруханалар мен жедел жәрдем көліктеріне қол жеткізе алмайды» деген Гебрейесус байланыс желілерінің қайтадан ашылу керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар