БҰҰ Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды

БҰҰ-ның есепшілері Газа секторында геноцидтің алдын алу үшін атысты тоқтатуға шақырды.

2059835
БҰҰ Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды

БҰҰ-ның есепшілері Газа секторында «геноцид» пен гуманитарлық апаттың алдын алу үшін атысты тоқтатуға шақырды.

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына байланысты жазбаша мәлімдеме БҰҰ есепшілері Педро Аррохо Агудо, Майкл Фахри, Тлаленг Мофокенг, Паула Гавирия Бетанкур, Ирен Хан, Франческа Албанесе және Ашвини К.П.-нің қолдарымен жарияланды.

Мәлімдемеде «Израильдің қоршауы астындағы Газа секторын жою жоспарларын тоқтату туралы үндеулерді қабылдамағанына қатты өкінеміз» делінді.

Аймақта геноцид пен гуманитарлық апаттың алдын алу үшін уақыттың азайып бара жатқаны баса айтылған мәлімдемеде, бұл жағдайдың алдын алу үшін атысты тоқтату шақыруы жасалды.

Мәлімдемеде «Палестина халқына геноцид қаупі төніп тұрғанына сенімдіміз. Қозғалатын уақыт келді. Израильдің одақтастары да жауапкершілікті өз мойнына алды және Израильдің апатқа себеп болатын қозғалу әдісінңғ алдын алу үшін дәл қазір әрекет етуі керек» деп ескертілді.

Израильдің Газа секторының солтүстігіндегі Жабалия босқындар лагерьіне қазан айының 31-іне қараған түнінен бері жүргізіп, жүздеген палестиналықтың қаза болуы мен жарақат алуына себеп болған әуе шабуылдарымен байланысты «қорқыныш тереңдей түседі» делінген мәлімдемеде Израильдің Жабалия босқындар лагеріне жасаған әуе шабуылы «халықаралық құқықты өрескел бұзу және әскери қылмыс» болып табылады» деп атап өтілді.

Газа секторындағы азық-түлік, таза ауыз суы, дәрі-дәрмек, жанармай және негізгі құралдарға деген маңызды қажеттілік және кез-келген уақытта туындауы мүмкін денсаулық қаупі тақырыбында ескерту жасалған мәлімдемеде «Аймақтағы жағдай апат деңгейінде өте маңызды сатыға жетті» делінді.

Мәлімдемеде 2 миллионнан астам адамның ауыз суына қол жеткізе алмағанына назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар