Израиль полициясы еврейлерге шабуылдады

Полициялар Палестинаға қолдау берген еврей топты ұрып-соқты.

2059315
Израиль полициясы еврейлерге шабуылдады

Израиль полициясы Иерусалимнің батысында Палестина туын іліп қойған антисионистік еврейлерге шабуыл жасады.

Халықаралық антисионистік еврейлер ұйымы таратқан жазбаша мәлімдеме мен суреттерге қарағанда Израиль полициясы Иерусалимнің батысындағы Хареди аумағында Палестина туын ілген «Нетурей Карта» ұйымы мүшелеріне қатаң жуап қайтарды.

Кейбір полициялардың топтағы адамдарды итеріп құлатқаны, жұдырықпен ұрып, сойылмен басып жүргені байқалды.

«Нетурей Карта» Израиль мемлекеті мен сионизмге діни және моральдық негізде қарсы шығатын және бүкіл әлемде Палестинаға берген қолдауымен танымал Ультра православ еврей қауымдастығы болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар