Израильдің шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтар саны 8 525-тен асты

Газа секторы Израильдің әуеден, құрлықтан және теңізден шабуылына ұшырады.

2058880
Израильдің шабуылдарында  қаза тапқан палестиналықтар саны 8 525-тен асты

Израиль армиясы Газа секторындағы құрлық әскерлерінің әрекетін кеңейтті. Майданда қарқынды қақтығыстар жалғасып жатқанда, Израиль 9 сарбазының қаза тапқанын және 4-інің ауыр жарақат алғанын жариялады.

Израиль Газа секторының солтүстігіндегі 13 аурухананы эвакуациялауды талап етті.

ББҰ-ның Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасынан жасалған мәлімдемеде «Ауруханаларды эвакуациялау туралы бұйрықты орындау өлім жазасы деген сөз» делінді.

Газадағы ауруханаларда мыңдаған науқас және шамамен 117 мыңға жуық босқынның қалғаны атап көрсетілді.

Израильдің шабуылдарында ауыр жарақат алған газалықтардың біразы Мысырда емделуді.

Рафах шекара қақпасының медиа директоры Уайл Абу Мухсин ауыр жараланған 81 адамның емделу үшін Мысырға жеткізілетінін хабарлады.

Израиль газалықтардың әлеммен байланысына да кедергі жасауда. Газа секторымен байланыс пен интернет қызметі қайтадан үзілді.

Израиль армиясы сондай-ақ Ливаннан ұшырылған «жер-әуе» зымыранын атып түсіргенін мәлімдеді.

Израильдің әскери ұшақтары зымыран атылған жерге шабуыл жасады.

Хизбуллах 120 израильдік әскерді атып, 9 танкті жойғанын, пилотсыз әуе көліктерін атып түсіргенін жариялады.

«Шекарасыз журналисттер» халықаралық қылмыстық сотқа Израиль-Палестина қақтығысында журналистерге қарсы жасалған әскери қылмыстарды тексеру үшін шағымданды.

Израильдік лауазымдылар Газадан жасалған шабуылдарда 317 әскердің қаза тапқанын және 5 мың 132 адамның жараланғанын хабарлады.

Израиль армиясының баспасөз хатшысы Даниель Хагари Газа секторында әл-Кассам бригадасының қолында 240 израильдік тұтқын бар екенін атап көрсетті.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің шабуылдарында 3 мың 542-сі бала, 2 мың 187-сі әйел 8 мың 525 палестиналықтың қаза тапқанын, 21 мың 643 адамның жараланғанын хабарлады.

Израиль күштері мен еврей қоныстанушылар басып алған Шериянын батысына жасаған шабуылдарда 126 палестиналық қаза тауып, 2 мыңға жуық адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар