Жаңартылатын энергия қуатын үш есеге арттыру керек

Біріккен Араб Әмірліктері төраға болған 2023 жылғы Климат конференциясы жаңартылатын энергия қуатын үш есе арттыруға шақырды.

2057873
Жаңартылатын энергия қуатын үш есеге арттыру керек

2023 жылғы Климат конференциясының төрағасы 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия қуатын үш есеге арттыру керектігін айтты.

Келесі айда өтетін 2023 жылғы Климат конференциясының төрағалығы және екі жаңартылатын энергия ұйымы үкіметтерді 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия қуатын үш есе арттыруға шақырды.

Бұл мақсат жаһандық жылынудың 1.5 цельсий градустан асуына жол бермеу әрекеттерінің бірі ретінде қарастырылады.

Қараша айының соңында Дубайда өтетін жаһандық климаттық келіссөздерде 1.5 цельсий градус шегін белгілейтін 2015 жылғы Париж келісімін орындаудағы кемшіліктер талқыланады.

Біріккен Араб Әмірліктері төраға болған 2023 жылғы Климат конференциясы  Халықаралық Жаңартылатын Энергия агенттігі және Жаһандық Жаңартылатын Энергия Альянсы жариялаған бірлескен баяндамасында жаңартылатын энергия қуатының 2030 жылға қарай 11 мың гигаватттан жоғары болуы керек екенін мәлімдеді.

Әлемдегі ірі экономикалардың көпшілігі бұл мақсатты қолдайды.

Қытай, АҚШ және Үндістанды қамтыған Үлкен-20 тобы (әлемнің экономикасы дамыған 20 мемлекеті) қыркүйекте өткен кездесулерінде 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің жаһандық қуатын үш есеге артуы керектігі жайлы келіскен болатын.

Ғалымдар көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту үшін жылдам шаралар қабылданбаған жағдайда Жер шарының он жыл ішінде 1.5 цельсий градус шегінен асып кететінін, бұл адамдарға, жануарлар әлеміне және экожүйелерде климаттың өзгеруіне ауыр әсер ететінін білдіріп отыр.



Ұқсас жаңалықтар