Көптеген елдің белгілі ғимараттары түрік туының түстерімен жарықтандырылды

Республикасының 100 жылдығына орай көптеген елдің белгілі ғимараттары мен алаңдары түрік туымен безендірілді.

2057655
Көптеген елдің белгілі ғимараттары түрік туының түстерімен  жарықтандырылды
2132828.jpg
finlandiya disisleri bakanligi 29 ekim.jpg
belarus milli kutuphane 29 ekim.jpg
mostar 29 ekim.jpg
baku haydar aliyev merkezi.jpg

Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Әзербайжанның бас қаласы Бакудегі сәулеттік символдарының бірі Гайдар Әлиев орталығының сырты түрік байрағы көрінісін алды.

Ирактың бас қаласы Бағдаттағы сауда орталығы ғимаратына да үлкен түрік байрағы ілінді.

29 қазан Республика күніне орай Катардың белгілі ғимараттары да қызыл-ақ түспен жарықтандырылды. Түрік байрақтарының үстінде «Түркия Республикасының 100 жылдығы» және «Түркия Республикасының 100 жылдығы құтты болсын» деген құттықтау сөздер орын алды.

Испанияның бас қаласы Мадридтегі әйгілі Кибеле алаңы түрік туының қызыл және ақ түстерімен безендірілді.

Ресейлік ғарышкер Олег Артемьев болса Түркия Республикасының 100 жылдығының құрметіне Халықаралық ғарыш стансасында түрік туын желбіретті.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы цифрлық жарнама көліктері түрік жалауымен жабдықталды. Республиканың 100 жылдығы Түркия-Америка ұлттық басқару комитетінің басшылығымен ұйымдастырылған шарада жүк көліктері күнімен түрік туымен жүрді. "Таймс" алаңындағы жарнама платформаларына да түрік туы мен Түркия Республикасының негізін қалаушы ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүріктің фотосуреттері қойылды.

Финляндия Сыртқы істер министрлігі Түркия Республикасының 100 жылдығына орай  құттықтау жариялап, министрлік ғимаратын түрік туының түстерімен жарықтандырды.

Беларусь Республикасының бас қаласы Минскіде орналасқан Ұлттық кітапхананың сырты түрік байрағының түстерімен безендірілді.



Ұқсас жаңалықтар