Израильдің Газаға шабуылы

Израиль армиясы Газаның әртүрлі аймақтарына шабуылдарында 400-ден астам адам қаза тапты.

2054443
Израильдің Газаға шабуылы

Израиль армиясы түні бойы әскери ұшақтар және артиллериямен Газаның әртүрлі аймақтарына шабуылдарын жалғастырды.

Шабуылдарда 400-ден астам палестиналық қаза тапты.

Палестинаның ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-ның қаладағы медициналық ақпарат көздеріне сілтеген хабарына қарағанда, қаза тапқандардың 70 пайызын балалар, әйелдер мен қарттар құрайды.

«WAFA» 7 қазан күнінен бері Израильдің шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтар саны 4 мың 700-ге өсті.

Израиль Газаға бағытталған шабуылдардың 16-шы күнінде қаланың әртүрлі аудандарындағы елді мекендерді әскери ұшақтар және артиллериямен бір уақытта бомбалады. Әуе шабуылында кемінде 25 жерде қырғын жасалды.

Медициналық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, Израильдің жексенбі күнгі шабуылдары нәтижесінде Хан Юнис босқындар лагерьінде 44, Рафахта 57, қаланың орталық бөлігінде 168, Газа қаласының орталығында 66 және солтүстік аймақта 44 Палестина азаматы қаза тапты.

Мысыр шекарасы маңындағы Рафах қаласында бір үйге жасалған шабуылда 6 адам қаза тауып, 11-і жараланды.

Қарара ауданында да 5 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Газа секторының орталық бөлігіндегі Миграка аймағындағы бір үйге жасалған әуе шабуылы салдарынан 4 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.

Аймақтағы Жибалия босқындар лагерьіндегі екі үй мен әл-Албани мешітіне жасалған бірнеше әуе шабуылы нәтижесінде 20-дан астам адам қаза тапты.

Денсаулық сақтау министрлігі «WAFA» берген ақпаратқа қарағанда басқыншы күштер Газа секторындағы кейбір аудандарды картадан толығымен жойды. Үйіндіге айналған аймақтарда «кейбір отбасылардың барлық мүшелері өлі ретінде тіркелді.

Екінші жағынан Израиль әскери ұшақтары Газа секторының орталық бөліктеріндегі Шифа ауруханасы мен Иерусалим ауруханасы маңындағы аймақтарды да нысанаға алды.

Газадағы Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Израиль күштерінің Газа қаласындағы Шейх Рыдван және Әл-Басра аудандарындағы үйлерге әуеден шабуыл жасағаны атап көрсетілді.

Әуе шабуылы салдарынан көптеген зардап шеккендер бар екені хабарланды.

Израиль ұшақтары Газадағы Жабалия, Әл-Бурайж және Нусайрат босқындар лагерлері мен Бейт-Лахия аймағында бейбіт тұрғындар тұратын көптеген үйге әуеден шабуыл жасады.

Газадағы Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, шабуылдарда көбісі әйел мен балалар кемінде 30 палестиналық қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Израиль әскери ұшақтары Газа секторының солтүстігіндегі Жибалия босқындар лагерін бомбалады.

Әуе шабуылы салдарынан көптеген палестиналық қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Израиль армиясы Газа секторына әуеден және құрлықтан шабуылдарын жалғастыра отырып, басып алынған Шерияның батысында көптеген елді мекенге жасаған басқындарда көптеген палестиналықты тұтқындады. Израиль әскері мен палестиналықтар арасында қақтығыс шықты.

Әл-Акса телеарнасының «Telegram» аккаунтынан жарияланған хабарға қарағанда Израиль күштері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы көптеген қалаға жасаған басқындарда қарулы қарсылыққа тап болды.

Израиль соғыс ұшақтарының Ливанның оңтүстігіндегі Хизбуллахқа тиесілі деп санаған бір камераны, бақылау нүктесін және Айтарун ауылының айналасын бомбалағаны білдірілді.

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің «Telegram» аккаунтыннан министрлік баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудраның Газадағы жанар-жағармайы таусылған ауруханаларға қайырымдылық шақыруы жарияланды.

Мәлімдемеде  «Жанармай құю бекеттерінің иелерін және жанар-жағармайы барлардың барлығын, қанша жанармай болса да, ауруханаларға қайырымдылық жасауға шақырамыз» делінді.

Ашраф әл-Кудра жазбаша мәлімдемесінде ауруханалардағы жанармай тапшылығынан 38-і бала, бүйрек жеткіліксіздігі ауруы бар 1 100 науқастың өміріне қауіп төндіргенін атап көрсетті.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты шабуыл бастағанын хабарлаған болатын.

Газадан Израильге қарай мыңдаған зымыран атқылаған кезде қарулы топтар аймақтағы елді мекендерге кірді.

Израиль армиясы да соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар