"АҚШ өз қызметкерлерін қорғайды"

Блинкен Таяу Шығыстағы күштері мен қызметкерлерін қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

2054412
"АҚШ өз қызметкерлерін қорғайды"

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен егер Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстар шиеленісе, Америка Құрама Штаттары Таяу Шығыстағы күштері мен қызметкерлерін қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

«NBC» телеарнасының бағдарламасына қатысқан Блинкен Израиль-Палестина қақтығыстарының «Иранның араласуымен шиеленісуі» күтілгенін және АҚШ персоналы немесе аймақтағы қарулы күштері кез келген дұшпандық әрекеттің нысанасы болса Байден әкімшілігінің жауап қайтаратынын білдірді. Блинкен "Біз бұны қаламаймыз. Шиеленістің ушығуын қаламаймыз. Күштеріміз бен қызметкерлерімізге оқ жаудырылғанын қаламаймыз, бірақ мұндай жағдай орын алса, жауап қайтаруға дайынбыз" деді.

Иран шенеуніктерінің аймақтағы АҚШ күштері мен қызметкерлеріне қарсы шабуылдарын арттыруын күткендерін айтқан Блинкен өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «қажет болған кезде батыл жауап беру» үшін қажетті қадамдар жасалғанын білдірді. Блинкен аймаққа қосымша әскери элементтердің, оның ішінде 2 ұшақ тасығыш жұмыс тобының орналастырылғанын мәлімдеді.

«Біз (бұны) арандату үшін емес, тосқауыл қою және егер біреу бірдеңе жасауға тырысса, сол жерде екенімізді көрсету үшін жасадық» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар