Голландия азаматтарына Ливанға бармауды ескертті

Голландия азаматтарына "коммерциялық рейстер әлі ашық кезде"  және "мүмкін болған ең қысқа уақытта" бұл елден кетуге кеңес берілді.

2053721
Голландия азаматтарына Ливанға бармауды ескертті

Голландия азаматтарына Ливанға саяхат етпеу жайлы ескерту жасады.

Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдайлар мен саяхат туралы ескертулер үшін пайдаланатын "X" әлеуметтік медиа парақшасында бөліскен мәлімдемеде Ливанға саяхат етпеу жайлы ескерту жасалды және Голландия азаматтарына "коммерциялық рейстер әлі ашық кезде"  және "мүмкін болған ең қысқа уақытта" бұл елден кетуге кеңес берілді. 

Мәлімдемеде Ливаннан кетпеуді таңдаған Голландия азаматтарынан ел астанасы Бейруттегі елшілікпен байланыста болу және төтенше жағдайларға дайын болу сұралды.

Хизболла мен Израиль армиясы арасында 8 қазан күні басталған қақтығыста осы уақытқа дейін Хизболланың 12 мүшесі мен Израильдің екі әскері қаза тапты.

Шекарадағы қақтығыстарда Ливанда үш бейбіт тұрғын, оның ішінде бір журналист, Израильде бір адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар