Израиль әкімшілігінен құрлық операциясы белгісі

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа шекарасына жақын жерде әскерилермен бас қосты.

2053516
Израиль әкімшілігінен құрлық операциясы белгісі

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Йоав Галлант Израиль армиясының қоршаудағы Газа секторына қарсы құрлық операциясының жақындап қалғанын хабарлады.

Нетаньяху Газа шекарасына жақын жерде әскерлермен бас қосты.

Әлеуметтік желідегі аккаунтында әскерлермен фотосуретін бөліскен Нетаньяху хабарламасында «Біз дайынбыз» деді.

Израиль Қорғаныс министрі Галлант болса Газа шекарасындағы әскерлерді тексерді.

Галлант мұндағы Израиль әскерлеріне сөйлеген сөзінде «Қазір Газаны алыстан көріп тұрсыңдар, көп ұзамай іштен де көресіңдер» деді.

Галлант Ливан шекарасындағы Хизбуллахпен арадағы шиеленіске тоқталып «Егер Хизбуллах соғыс жариялағысы келсе, алдымен Газа қаласының фотосуреттеріне қарасын» деді.

Хамастың Қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын шабуылын бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар