Путин "Келіссөзді дереу бастау керек" деді

"Біз әрқашан астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз, егемен Палестина мемлекетінің құрылуын жақтадық" деді Путин.

2052682
Путин "Келіссөзді дереу бастау керек" деді

Ресей президенті Владимир Путин Газадағы ауруханаға жасалған шабуылдың тараптар арасындағы келіссөздерді бастау үшін бір белгі болуы керек екенін айтып, “Қайғылы, қорқынышты оқиға және апат. Жүздеген адам жарақат алып, жүздеген адам қаза тапты” деді.

Путин Қытайға сапары аясында Израильдің Газадағы аурухана шабуылы  мен жағдайға байланысты баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Путин тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қолдайтындарын баса айтты. "Бізде принципті ұстаным бар және оның бүгінгі дағдарысқа еш қатысы жоқ. Біз әрқашан астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз, егемен Палестина мемлекетінің құрылуын жақтадық" деді Путин.

Газада көп адам қаза тапқан ауруханаға жасалған шабуылға тоқталған Путин "Қайғылы, жан түршігерлік оқиға және апат. Гуманитарлық сипаттағы жерде жүздеген адам жараланып, жүздеген адам қаза тапты. Бұл жанжалды тезірек тоқтатуымыздың белгісі деп үміттенемін. Тараптар ең болмағанда келіссөзді бастау керек” деді.



Ұқсас жаңалықтар