Байденнің Израиль сапары басталды

Байден Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасына шабуылды Израильдің жасамағанын алға тартты.

2052622
Байденнің Израиль сапары басталды
biden-netanyahu.jpg
biden-israil.jpg

Израильге барған Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға «Сізбен бірге екенімді көрсету үшін келдім» деді.

Джо Байден Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасына жасалған шабуылдан кейін Израильдің бас қаласы Тель-Авивке барды.

Байденді «Бен Гурион» әуежайында Израиль президенті Ицхак Герцог пен Израиль премьер-министрі Нетаньяху қарсы алды.

АҚШ президенті Нетаньяхумен кездесуі алдындағы мәлімдемесінде «Хамас лаңкестері 1 мың 300 адамды өлтірді. Мен олар ұрлап кеткен балалардың не бастан кешкенін елестете алмаймын. Америкалықтар сізбен бірдей ойлайды және алаңдайды. Израиль бұл шабуылдарға жауап қайтарды және менің ойымша, сіз өзіңізді қорғау үшін бұл жалғасуы керек. Осы үшін қажетті бәрін жасаңыз. Біз мұны жүзеге асыру үшін барлық қолдауды көрсетеміз» деді.

Израильдің ауруханаға шабуыл жасамағанын алға тартқан Байден «Байқауымызша аурухана шабуылын сіз (Израиль) емес, екінші тарап жасаған сияқты. Бірақ көптеген адам толық білмейді. Хамасқа өз күшімізді көрсету өте маңызды. Не істеу керектігін көреміз. Осында болғым келді, өйткені мен бүкіл әлемнің біздің Израильмен бірге екенімізді білгенін қалаймын» деді.

Байден Хамастың ДАИШ-тен де жаман екенін, Хамас шабуылында қаза тапқан 1 300-ден астам израильдік арасында 31 американдық бар екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар