Израиль аурухананы бомбалады

Израильдің Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасына жасаған шабуылында 500 адам қаза тапты.

2052221
Израиль аурухананы бомбалады

Израиль Газада әлемнің көз алдында жаңа қырғын жасады.

Израильдің Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасын бомбалауы салдарынан алғашқы болжам бойынша 500 адам қаза тапты.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудра Әл-Эхли баптистер ауруханасын нысанаға алған бомбалауда 500 адамның қаза тапқанын, қаза тапқандардың көпшілігінің сәбилер, балалар және әйелдер екенін атап көрсетті.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын ауқымды бір шабуыл жасағанын хабарлады. Газадан Израильге қарай мыңдаған зымыранмен шабуылдаған қарулы топтар аймақтағы елді мекендерге басып кірді.

Израиль армиясы болса әскери ұшақтармен Газа секторына бағытталған «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар