Иранда екі бөлек аймақта жер сілкінісі болды

Иранның Фин ауданында магнитудасы 5,3, Фарған ауданында 5,6 балдық жер сілкінісі болғаны білдірілді.

2051966
Иранда екі бөлек аймақта жер сілкінісі болды

Иранның Фин ауданында магнитудасы 5,3, Фарған ауданында 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Тегеран университеті Сейсмология орталығының мәлімдемесіне қарағанда, эпицентрі Хормузган уәлаятының Фин ауданы болған 5,3 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 08.29-да тіркелген.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 08.39-да Хормузган уәлаятының Фарған ауданында 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің жердің 10 шақырым тереңдігінде болғаны аталып, адам мен мүлік шығыны туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар