Байден Израильге барады

Бұл туралы Блинкен хабарлады.

2051812
Байден Израильге барады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден ертең Израильге барады.

Тель-Авивте баспасөз мәслихатын өткізген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Байден сәрсенбі күні (ертең) Израильге баратынын хабарлады. Байденнің бұл елге қиын уақытта баратынын айтқан Блинкен АҚШ-тың Хамас шабуылдарына қарсы Израильмен ынтымақтаста екенін  айтты.

Байденнің Хамас қолындағы кепілге алынғандарды босату үшін Израильмен де тығыз координацияда болатынын айтқан Блинкен АҚШ президентінің сапары аясында Израильдің соғыс мақсаттары мен стратегиясы туралы да жан-жақты брифинг алатынын білдірді.

Энтони Блинкен Джо Байденнің Израильден бейбіт тұрғындардың шығынын азайту арқылы операцияларын қалай жүргізетіні және Газадағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек ағынының қалай қамтамасыз етілетіні туралы ақпарат алатынын мәлімдеді.

АҚШ президенті Джо Байден Израиль сапарынан кейін Иорданияға барып, король Абдалла II, Мысыр президенті Абдель Фаттах әл-Сиси және Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездеседі.

 

 



Ұқсас жаңалықтар