Польшада сайлаудың бейресми нәтижесі жарияланды

Польшада премьер-министр Матеуш Моравецкийдің Заң және әділет партиясының дауысы 36.8 пайыз деңгейінде қалды.

2051408
Польшада сайлаудың бейресми нәтижесі жарияланды

Польшада сайлаудың бейресми нәтижелері бойынша премьер-министр Матеуш Моравецкий лидерлігіндегі Заң және әділет партиясы парламентте көпшілік орынға ие бола алмады.

Елде кеше өткен сайлауда Заң және әділет партиясының дауысы 36.8 пайыз деңгейінде қалды. Бұл дауыс көрсеткіші бойынша партия парламенттегі ең үлкен партия болғанымен, көпшілік дауысты құрау үшін қажетті 231 орынды ала алмады. Заң және әділет партиясы 460 депутаттық орынның 200-ін жеңіп алды.

Польшаның бұрынғы премьер-министрлерінің бірі Дональд Туск лидер болған негізгі оппозициялық блок Азаматтық коалицияның  дауыс беру көрсеткіші 31.6 пайызды құрады. Үшінші жол альянсының дауыс көрсеткіші 13 пайыз, Жаңа солшылдардың дауысы 8.6 пайыз деп жарияланды.

Польшада партиялар арасында үкімет құру мақсатымен келіссөздер өткізетін кезең басталды.

Польша конституциясына сәйкес президент сайлаудан кейін 30 күн ішінде жаңа парламенттің бірінші сессиясын бастауы керек.

Бірінші сессиядан кейін премьер-министрді тағайындауға 14 күндік уақыт беріледі.



Ұқсас жаңалықтар