Әлемде 1,1 миллиард адам аштықпен арпалысуда

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы 110 елде тұратын 6,1 миллиард адамның аштықпен арпалысып жатқанын жариялады.

2051414
Әлемде 1,1 миллиард адам аштықпен арпалысуда

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы 110 елде тұратын 6,1 миллиард адамның 1,1 миллиардының аштықпен арпалысып жатқанын жариялады.

БҰҰ 1992 жылы 22 желтоқсан күні кедейшілікпен күресу туралы шешім қабылдап, 17 қазан күнін «Дүниежүзілік аштыққа қарсы арпалысу» күні деп жариялады. Осы тұрғыда БҰҰ өзі ұйымдастырған іс-шаралар арқылы халықаралық қауымдастықтың назарын мәселеге аударуға күш салады.

БҰҰ Даму бағдарламасының 2023 жаһандық көп өлшемді кедейлік индексіне сәйкес, 110 елде тұратын 6,1 миллиард адамның 1,1 миллиарды аштықпен арпалысуда.

Әлемдегі әрбір 6 кедейдің 5-і Сахараның оңтүстігінде немесе Оңтүстік Азияда тұрады. Оның аймақтар бойынша таралуына қарасақ, Сахараның оңтүстігінде тұратындардың 47,8 пайызы аштықпен арпалысса, Оңтүстік Азияда бұл көрсеткіш 34,9 пайызды құрайтынын көруге болады.

Оңтүстік Азия мен Сахараның оңтүстігіндегі Африкадан басқа елдерде аштықпен арпалысып жатқандардың 65 пайызы Қытай, Индонезия, Мьянма, Судан және Йемен елдерінде.

Әлемді қорғау және оның тыныштығын қамтамасыз ету үшін БҰҰ қойған даму мақсаттары 2030 жылға қарай кедейлікті жоюды қамтиды.

БҰҰ Даму бағдарламасы деректеріне сәйкес әлемде кедейлік деңгейінің өсуін төмендету және күніне 3,65 доллардан аз табысы бар миллиондаған адамды кедейліктен шығару 14 миллиард доллардан сәл астам қаражатпен мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар