Израиль бейбіт тұрғындарға берген мерзім аяқталды

Израиль армиясы мерзімнің аяқталуымен бомбалауды қайтадан бастады.

2050917
Израиль бейбіт тұрғындарға берген мерзім аяқталды

Израиль қоршап алған Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға берген мерзімі аяқталды. Израиль бомбалауды қайтадан бастады.

Израиль берген мерзім жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де аяқталғандықтан Газа секторы шекарасында бомбалардың дауысы қатты күшейді.

Халықаралық наразылықтарға қарамастан Израиль Газа секторының солтүстігінде тұратын бейбіт тұрғындарға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-ға дейін үйлерін босатып, аймақтың оңтүстігіне көшуге уақыт берген болатын.

Газада 2 миллионнан астам адам қамалғанымен, Израильдің үлкен қырғын жасауы қаупі бар.

Газа секторында құрлық операциясына дайындалып жатқан Израиль армиясы шекараға жақын Сдерот қаласында танкі мен броньды көліктерін жинады.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын шабуыл бастағанын хабарлаған еді.

Израиль армиясы да әскери ұшақтармен Газа секторына бағыттап «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар