Шабуылдарда қаза тапқандар саны 1537-ге жетті

Израильдің жаулау астындағы Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 1537-ге жетті.

2050292
Шабуылдарда қаза тапқандар саны 1537-ге жетті

Денсаулық сақтау министрлігінің  мәлімдемесінде Израильдің 7 қазаннан бері Газаға жасаған шабуылдарында 1537 адамның қаза тапқаны, 6612 адамның жараланғаны атап өтілді.

Денсаулық және қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметке қарағанда Израиль армиясы Газаның түрлі аймақтарына әуе шабуыл жасады.

Алғашқы  мәліметтерге қарағанда, елді мекендерді нысанаға алған шабуылдарда 53 адам қаза тапты.

Дереккөздер құлаған үйлердің қирандыларының астында әлі де көп адам бар екенін атап өтті.

Израиль күштері  жаулау астындағы  Батыс Шерияда тағы 4 палестиналықты өлтірді.



Ұқсас жаңалықтар