Грекияда вирустан 20 кісі мерт болды

Грекияның Ұлттық Денсаулық сақтау мекемесі "Батыс Ніл" вирусының елдің әртүрлі аймақтарында 20 адамның өліміне себеп болғанын білдірді.

2049653
Грекияда вирустан 20 кісі мерт болды

Биыл Грекияда "Батыс Ніл" вирусынан 20 адам қайтыс болды.

Грекияның Ұлттық Денсаулық сақтау мекемесі жасаған мәлімдемеде вирустың елдің әртүрлі аймақтарында 20 адамның өліміне себеп болғаны білдірілді.

Соңғы аптада 5 жаңа науқастың анықталғаны атап көрсетілген мәлімдемеде масалардан жеке қорғаныстың маңыздылығына тоқталды.

Вирустың әсіресе Кардича, Лариса, Трикала, Иматиа, Салоники, Пела, Пьерия, Килкис, Серрес, Халкидики, Кавала, Драма, Родоп, Ксанти, Мерич, Кастория, Арта және Йоаннина аймақтарында анықталғаны айтылды.

Мамандар вирус жұқтырған науқастардың артуынан алаңдап отыр.



Ұқсас жаңалықтар