Зеленскийдің НАТО-ға тосын сапары

Зеленскийді НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг қарсы алды.

2049408
Зеленскийдің НАТО-ға тосын сапары

Украина президенті Владимир Зеленский НАТО Қорғаныс министрлерінің кездесуі өткен Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтеріне тосын сапармен барды.

2022 жылдың ақпанында елі мен Ресей арасындағы соғыс басталғаннан кейін НАТО-ға алғаш рет барған Зеленскийді штаб-пәтердің кіреберісінде НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг қарсы алды. НАТО Қорғаныс министрлерінің жиналысы алдында журналистерге мәлімдеме жасаған Зеленский алдағы қыстың  елі үшін ең үлкен сынақтардың бірі болатынын атап өтті.

Зеленский НАТО елдерінің қорғаныс министрлерімен Украинаның басымдықтарын талқылайтындарын айтты. Зеленский «Энергия желісін және астық жеткізу жолдарын қорғау үшін территориямыздың нақты географиялық нүктелеріне әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыру керек», - деді.

Столтенберг болса Украинаның Ресейге қарсы соғысында қолдауды жалғастыратындарын айтты. Столтенберг Украинаға әуе қорғанысы, артиллериялық жүйе және оқ-дәрі қолдауының қажеттігін атап өтіп, одақтастарынан бүгін уәде күтетіндерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар