Көптеген елде Палестинаға қолдау көрсету шеруі өткізілуде

Грекияның Салоники қаласында Палестинаға қолдау көрсету шеруі өтті.

2049282
Көптеген елде Палестинаға қолдау көрсету шеруі өткізілуде
italya filistin destek.jpg
urdun filistin destek.jpg
yunanistan filistin destek.jpg

Кеше көптеген елде түрлі солшыл топтар мен палестиналықтар  Палестинаға қолдау көрсетті.

Белсенділер «Жоғалсын Израиль», «Жасасын Палестина» деген ұран салды.

Шерушілер ереуілден кейін оқиғасыз тарады.

Мұндай шерулер Грецияның түрлі қалаларында да өтті.

Аргентинада еврейлер мен палестиналықтар бөлек шерулер өткізді.

Ел астанасы Буэнос-Айресте бас қосқан жүздеген адам мен солшыл топтар Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына наразылық білдірді.

Газаға жасалған шабуылдардың тоқтатылуын қалаған топтағылар Палестина халқына қолдау көрсетті.

Буэнос-Айрестегі еврей қауымының шақыруымен бас қосқан еврейлер Израильге қолдау көрсетті.

Палестинаға қолдау көрсету шеруі Бразилияның астанасында  да өтті. Шерушілер жалаулар мен баннерлер көтеріп, ұран салды.

Иорданияда да мыңдаған адам палестиналықтарға қолдау үшін ел астанасы Амманда шеруге шықты.

Ливияның астанасы Триполидегі Шейіттер алаңына жиналған жүздеген ливиялық Палестина туын көтеріп, ұран салды. Газаға қолдау көрсетті.

Тунисте адвокаттар Палестинаға қолдау көрсету үшін шеру ұйымдастырды.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты операция бастағанын хабарлады. 

Израиль армиясы болса әскери ұшақтармен Газа секторына бағыттап «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар