Израиль армиясының  шабуылдары  жалғасуда

Шабуылдарда қаза тапқан израильдіктер санының 900-ден асты.

2048591
Израиль армиясының  шабуылдары  жалғасуда

Израиль армиясы Хамастың 7 қазан күні бастаған операциясынан кейін Газа мен Батыс Шерияға шабуыл жасаған еді. Израиль армиясының  шабуылдары  жалғасуда.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Газа мен Батыс Шерияда жасаған шабуылдарында осы уақытқа дейін 704 адамның өліп, 4 мыңға жуық адамның жараланғанын хабарлады.

Министрлік Израильдің шабуылдарда жедел жәрдем көліктерін әдейі нысанаға алғанын және Газадағы Бейт Ханун ауруханасының әуе шабуылдары салдарынан қызметтен тыс қалғанын жариялады.

Жаулау астындағы Газа секторынан жасалған шабуылдарда қаза тапқан израильдіктер санының 900-ден асқаны жарияланды.

Израиль Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда 2616 израильдік жарақат алған.



Ұқсас жаңалықтар