Сирия армиясы Халебке шабуыл жасады

Сирия армия күштерінің шабуылы кесірінен 2 бейбіт тұрғын қаза тапты.

2047320
Сирия армиясы Халебке шабуыл жасады

Сирия армиясы күштерінің Халеб уәлаятының  батысындағы Дарет Иззе ауданында жасаған шабуылында 2 бейбіт тұрғын қаза тауып, 13 бейбіт тұрғын жараланды.

Халебтің Бисартон ауылында орналасқан Сирия армиясы мен Иран қолдауындағы шетелдік лаңкестік топтар Халебтің батысындағы Дарет Иззе ауданына шабуыл жасады.

Аталмыш  шабуылда 2 бейбіт тұрғын қаза тауып, 13 бейбіт тұрғын жараланды. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.

Сирия армиясының соңғы 24 сағатта Идлиб және Халеб ауылдық жерлеріне жасаған шабуылдарында 14 бейбіт тұрғын қаза тауып, 73 бейбіт тұрғын жараланды.

2017 жылы Астанада өткен жиналыста  Түркия, Ресей және Иран Сирия әкімшілігінің бақылауында емес аймақта 4 «дағдарысты азайту аймағын» құру туралы шешім қабылдады.

Дамаск әкімшілігі, Иран қолдауындағы террористтер және Ресей шабуылдарын жалғастырып, 4 аймақтың 3-ін басып алып, Идлибке қарай бет алды.



Ұқсас жаңалықтар