Терроризммен күрес табандылықпен жалғасады
Яшар Гүлер терроризммен күрестің табандылықпен жалғасатынын айтты.
2045745

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер терроризммен күрестің табандылықпен жалғасатынын айтты.
Министр Гүлер Гебзе техникалық университетінің 2023-2024 оқу жылының ашылуында сөйлеген сөзінде жексенбі күні Ішкі істер министрлігі алдында жасалған лаңкестік шабуылға тоқталды.
Батыр полицейлердің дереу тойтарыс беріп, 2 террористті залалсыздандырғанын еске салған Гүлер «Бұл шабуыл террор ұйымының жанталасып жатқанын тағы бір рет көрсетті. Терроризммен күресіміз табандылықпен жалғасады» деді.
Гүлер Түркияның ең маңызды басымдылығының аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету екенін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Путин президенттікке қайтадан үміткер болды
Федерация Кеңесі сайлауды 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.