"Армяндарға зорлық-зомбылық жасалмады"

Қарабахта тексеру жүргізген БҰҰ делегациясы зорлық-зомбылық дәлелін таппады.

2045372
"Армяндарға зорлық-зомбылық жасалмады"

Әзербайжанның Қарабах аймағына барған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) делегациясының армян бейбіт тұрғындарға қарсы ешқандай зорлық-зомбылық дәлелін таппағаны және аймақтағы азаматтық инфрақұрылымдардың нысанаға алынбағаны жарияланды.

БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик Әзербайжан үкіметінің шақыруымен БҰҰ делегациясының Қарабах аймағына сапары туралы ақпарат берді.

Делегацияның аймақтағы гуманитарлық қажеттіліктерді анықтауға тырысқанын айтқан Дюжаррик делегация құрамында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары  және басқарма өкілдері болғанын атап өтті.

Делегация Лачын мен Ханкенди қаласындағы шекара бекетін тексерді. «Делегация армян азаматтарына қарсы ешқандай зорлық-зомбылық дәлелі таппағанын және аймақтағы азаматтық инфрақұрылымдардың нысанаға алынбағанын хабарлады» деді. Дюжаррик.

Ауруханалардың, мектептердің, үйлердің, діни және мәдени орталықтардың нысанаға алынбағанын және Әзербайжан үкіметінің үзіліссіз денсаулық сақтау қызметтерін қайтадан қамтамасыз ету үшін күш-жігерін салып жатқанын айтқан Дюжаррик ауылшаруашылық аймақтары мен жануарларға зиян келмегенін атап өтті.

Стефан Дюжаррик делегацияның аймақтағы армян қауымы өкілдерімен де кездескенін мәлімдеді.

Аймақтағы сенімді қайта құрудың маңыздылығына тоқталған Дюжаррик бұл үшін барлық тараптардың күш салуы керектігін атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар