Зеленский АҚШ-қа барады

Ол Байденмен кездеседі.

2037849
Зеленский АҚШ-қа барады

Украина президенті Владимир Зеленский Америка Құрама Штаттарында Ақ Үйге және Конгреске барады.

АҚШ-тан бір лауазым иесі Зеленскийдің сапарының келесі аптада Нью-Йоркта өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысқаннан кейін жүзеге асырылатынын білдірді.  Ол Зеленскийдің АҚШ президенті Джо Байденмен бейсенбі күні кездесетінін хабарлады.

АҚШ Конгресінде қазір Украинаға қосымша 21 миллиард долларлық көмек талқылануда. Конгрестегі кейбір республикашылар Украинаға көмектің тоқтатылуын талап етіп отыр.

Зеленский желтоқсан айында Вашингтонға барып, Конгресте үн қатып, АҚШ-тың өз еліне көмегінің «жаһандық қауіпсіздік пен демократияға» инвестиция екенін тілге тиек еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар