Ливияда мектептер он күнге жабылды

Екі бөгеттің құлауы бойынша тергеу басталды.

2037200
Ливияда мектептер он күнге жабылды

Ливия Ұлттық бірлік үкіметінің премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе елінде 6 мыңнан астам адамның өмірін қиған су тасқыны салдарынан бастауыш және орта білім беру мекемелеріндегі білім берудің 10 күнге тоқтатылғанын хабарлады.

Дибейбе өзінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде «Апаттан зардап шеккен қалалардағы ауыр жағдайды ескере отырып, мен бүкіл ел бойынша бастауыш және орта білім беру ұйымдарында оқуды 10 күнге тоқтату туралы шешім қабылдадым» деп жазды.

Дибейбе сонымен қатар су тасқыны салдарынан үйлерін тастап кеткендерді орналастыру үшін 700 төсектік кеменің Дерне жағалауына жіберілгенін хабарлады.

Екінші жағынан, Дибейбе «Даниэль» дауылында Дернадағы екі бөгеттің құлауы оқиғасын «шұғыл тергеуді» бұйырды.

Ол  «X» әлеуметтік медиа аккаунтынан «Бас прокурорға Дернедегі екі бөгеттің опырылуына қатысты шұғыл тексеру жүргізуді және тиісті мекемелерге тергеу барысында толыққанды ынтымақтасуды тапсырдым» деді.



Ұқсас жаңалықтар