Тек Дерне қаласының өзінде қаза тапқандар саны 5300-ге жеткен

Ливияның шығысында «Даниэль» дауылы су тасқынына себеп болды.

2036625
Тек Дерне қаласының өзінде қаза тапқандар саны 5300-ге жеткен

Ливияның шығысындағы Дерне қаласында су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 5300-ге жеткен.  Мыңдаған адамнан хабар-ошар жоқ.

Ливияның ресми ақпарат агенттігі «LANA»-ның хабарына қарағанда, 10 қыркүйек күні болған су тасқынында тек Дерне қаласында қаза тапқандар саны 5300-ге жетті.

Ливияның шығысында «Даниэль» дауылы Бенгази,  Бейда, Мерк, Сусе және Дерне қалаларында су тасқынына себеп болды.

Ұлттық Бірлік үкіметі премьер-министрі Дибейбе елде 3 күндік аза жариялады.

Халықаралық Қызыл крест ұйымы Ливияда шығынның 10 мыңға жеткенін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар